Блог статистикасы
195
Жазбалар
4939
Өтініштер
197414
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
  • Қарасу ауданның прокуратурасы

Қарасу ауданның прокуратурасы

Қарасу ауданының прокуратурасы
прокурор –  Нуржан Батталов
тел. 8-71452-2-14 -32                                             Мекенжайы: Қарасу ауылы, Исаков көшесі, 72
http://kst.prokuror.kz
    
      Түсілу Информационнсервистер


Қарасу ауданының прокуратурасы тұрғындардың мәлімдемесіне жеткізеді

Қостанай облысының прокуратура органдарымен «Әділдікпен келісім – Сделка с правосудием» (қылмыстық іс жүргізуде) Жобасы жасалды және ұсынылды, оның мақсаты келісу өңдірісінде қаралған қылмыстық істердің санын көбейту арқылы қылмыстық сот өңдірістердің процедураларын елеулі жеңілдету болып табылады.

«Әділдікпен келісім» жобасы – анықталған категориялардың тергеп-тексеру және сотта қылмыстық істерді қарау процедураларын тездету және елеулі жеңілдетуге бағытталған, ұйымдастыру-құқық және қорғау сипаттындағы шаралардың кешені.

Осы шаралар кешеніне бар жаңа баламалы және сот өңдірісінің ыңғайлы тәртіптері туралы жұмысты түсіндіру құқығы кіреді.

Жәбірленушінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру – қылмыстық іс жүргізудің сатысына қарамастан, құқық қорғау органының негізгі критерийі.

Кінәсін мойындау туралы процессуалды келісім – бұл прокурор және қылмыс жасаған тұлғаның арасындағы жазбаша келісімі. Келісімді қорытындылау мүмкіндігі бойынша өз ойын жәбірленуші де білдіре алады.

Процессуалды келісімнің қорытындысынан қылмыстық іс жүргізудің барлық қатысушылары жеңеді. Өйткені, қылмыстық қуғындау органына кінәлі тұлға өз кінәсін мойындағандықтан, айғақтарды жинау бойынша үлкен жұмыс жүргізу қажет емес.  Ал бұл тергеп-тексеру уақытын қысқартады. Кінәлі тұлғаға қорытындысында максималды жазаның жартысын береді. Жәбірленушіге қысқа мерзімде қылмыспен жасалған зиян қайтарылады.

Келісу өңдірісі кезінде  сот отырысында прокурор, айыпкер және оның қорғаушысы ғана қатысады. Қажетілігі бойынша жәбірленуші қатысады.

Процессуалды келісім институтын өзгертуге тіл табу және оны белсенді қолдану мүмкіндік береді:

ü                    Сотқа дейінгі тергеп тексеру мерзімін және сот процесінің уақытын қысқартады;

ü                    Жәбірленушіге қылмыспен жасалған зиянды қайтару процесін тездетеді;

ü                    Кінәлі тұлғаның жазасын жартсына қысқартады;

ü                    Сотқа көп куәгерлер, сараптамалар шақырылмайды;

ü                    Соттардың, қылмыстық қуғындау органдардың жұмысын жеңілдетеді;

ü                    Процессуалды шығындарды азайтады;

ü                    Уақытша және тәртіп шығындарын азайтады;

ü                    Мүлік зияынның өңдіріп алу туралы проблемалы мәселелердің санын қысқартады;

ü                    Жәбірленушінің құқықтарын толығырақ әрекет ету арқылы қорғайды;

ü                    Сот әділдігіне жіберу сапасын жоғарлатады;

ü                    Дауларды шешу мәдениетін жоғарлатады.

Қылмыстық іс бойынша жақтарда мәселелер туындаған жағдайда, заңнаманың негізгі ережелерін, соның ішінде келісу өңдіріс қатысушыларының құқықтарын тергеуші және прокурор түсіндіруге міндетті.

 

Қарасу ауданының прокуратурасы


Тәртіпсіздікке төзбеушілік.

 

Елбасы Н. Назарбаевтың 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы Қазақстан халқына жолдауында тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануды  міндеттелді.

Онда: «Дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады. Біз ең ұсақ құқықбұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз кереке, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді» делінген.

Сондай-ақ, «Елдегі заң бұзушылықтар мен қылмыстарға әділ жаза қолданылатыны және бұлтартпастық күмән болмау керек» деп айрықша атап өтілді.

Сондықтан да мемлекет басшысымен жария етілген принцип үлкен маңызға ие, қандай да болмасын құқық бұзушылықтың алдын алуға негізделген.

Біреулердің кіреберіске қалдырып кеткен қоқысы немесе аяқастында тасталған темекі тұқыры, дүкен жанында тұрған жеткеншіктердің  аузынан шыққан дөрекі  балағат  сөздер, белгіленбеген жерде автокөлікті қалдыру және т.б. осындай фактілерге күнделікті соқтығысып жататынымыз құпия емес. Өкінішке орай, бұл бәріміз үшін үйреншікті әдетке айналуда.

Дегенмен, көбісінің осындай құқықбұзушылыққа жол бермеу және халыққа құқықтық мәдениетті қалыптастыру құқық қорғау органдарының міндеті деп ойлайтындығында, сондай-ақ осы жәйттар бізге ешқандай қатысы жоқ деп есептеу.

Тәртіпсіздікке төзбеушілікті құрайтын маңызды принципі - жаза бұлтарстпастығы.

Егер, адам күнделікті өзге адамдардың заң бұзушылықтарын көрсе ол да сол бұзушылықтарды жасауға бой үйретуі мүмкін.

Сол себепті, орын алған келенсіздіктер мен бұзушылықтарға төзбеушілік принцптерді ұстануымыз келешек ұрпақты тура жолға салып қана қоймай, жарқын болашағымыздын кепілі болмақ.

Болмашы құқық бұзушылықты жасағаны үшін жазасыздық сезімі адамда жүгенсіздік түйсігін бекітеді және оның санасына қылмыс жасауға дайындығы туындайды. 

Алайда, қазіргі замандағы қоғамдық өмір осы ұстанымның қате және зиян екендігін дәлелдеуде.

Мысалы, «Сынған әйнек» теориясына  сәйкес, егерде біреу үйде әйнек сындырса және ешкім жаңа әйнек орнатпаса, онда ұзамай осы үйде бірде бір бүтін әйнек қалмайды.

Не ексен соны орасын демекші, өзін жасағанды көріп өскен бала шаған, өскенде соны жасайды, және оларға өзін жасаған әрікеттерді істеуге болмайды деп айтып үйрету ойға симайды.

Мысалы, ер бала әкесіне қарап өседі. Демек, бала әкесінің жасаған әрекеттерін қалыпты деп санайды және соларды менде жасасам әкем сияқты боламын деген ойға жетелейді.

Қыз балаларға келетін болсақ шешесіне қарап қызын ал деген ұлы сөз ойымызға келеді. Қыз балада шешесінің қылықтарын жасауға бағыттанады.

Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер деген сөз, бала шағаға жаксы тәрбие беріп өсіруге бастайтын ұстаным деп қабылдау қажет.

Сонымен, қазір жасап жүрген іс әрекеттерімізбен келешек ұрпақты тәрбиелеп жүргенімізді ұмытпғанымыз жөн.

Тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципінің түпкілікті мақсаты мемлекет, барлық қоғам болып белсінді түрде елімізде қылмыстылықтың төмендеуіне қол жеткізуге күресуіміз керектігінде. Яғни, қоғамымыздағы тәртіптін нығайуына септігін тигізуі қажет.

 

 

Қарасу ауданы бойынша ҚСжАЕ

алу саласындағы заңдылықты

қадағалау жөніндегі прокуроры                                               А.Ибраев


Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен

хабарларды қабылдау тәртібі.

 

 

құқық қорғау органдарына жүгіну қажет ететіндей күтпеген жағдайлар боп қалуы мүмкін. Алайда, барлық азаматтар өздерінің құқықтарын білмей, азаматтардың өтініштерін қарауға міндетті лауазымды тұлғалардың немқұрайлығына ұшырап қалуы да әбден мүмкін.

Яғни, қабылдауды ұзақ уақыт күттіру не болмаса бір кабинеттен екінші кабинетке сілтеуге тап болуы, құқық қорғау органдарына деген сенімдеріне күмән ұялатады және одан пайда барма деген ой туындайды.

Осындай жағдайларда не істеу керек және өзіңізді қалай ұстау керек деген сұрақтарға және қылмыстық қудалау органдарына жүгінуді реттейтін заңнамалардағы негізгі талаптары бойынша түсініктер беремін.

2014 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Бас прокурорының №89 бұйрығымен «Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу» Қағидасы бекітілді.

Аталған Қағидада, қылмыстық қудалау органдарымен қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау мен тіркеуді және Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін  жүргізуді реттейді.

Сонымен, қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар бекітілген Қағиданың қосымшаларына сәйкес қабылданады.

Кезекші бөлімі бар қылмыстық қудалау органдары қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен ақпараттарды тәулік бойы қабылдайды.

Қылмыстық қудалау органдарына түскен қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламалар Қазақстан Республикасының Қылмыстық – процестік Кодекесімен белгіленген тәртіпте қаралуға жатады.

Қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызбен тікелей жүгінген арыз иесіне уәкілетті адам осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бірегей нөмірі бар талон-хабарламаны береді.

Талон-хабарлама екі бөліктен яғни, қылмысты қудалау органында қалатын талон-хабарлама түбіртегінен, сондай-ақ арыз иесіне берілетін жыртылмалы талон-хабарламадан тұрады.

Талон-хабарламаның түбіртектерінің түпнұсқалары қатаң есептілік құжаты болып табылады, қылмыстық қудалау органдарында 3 жыл бойы сақталады.

Үзілмелі талон-хабарламаның артқы бөлігінде арыз иесі тиісінше ақпарат және арызды қабылдаған қылмыстық қудалау органының телефонын ала алатын Интернет-ресурс http://service.pravstat.kz, телефон нөмірлері: 1012 (SMS-сервисі), 8 800-080-7777 (стационарлықтан), 1414 (ұялыдан) көрсетіледі.

Сонымен бірге, ҚР Қылмыстық Кодекісінде қылмыстық қудалау органдарының қызметкері қылмыс оқиғаларын жасырғаны үшін жауаптылығы қамтылған.

 Осыған сәйкес, қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлері қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды шұғыл қабылдауға міндетті. Яғни арыздарды қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ. Сондай - ақ, арыздар мазмұнында жалған мәлімет болмауы тиіс.

Егерде, әр түрлі себептермен арыздарыңыз қабылданудан бас тартылса Сіз 8 (71452) 21-6-04,  8-702-797-92-92, 8 777-580-31-32 телефондары арқылы жүгіне аласыз.

 

 

Қарасу ауданы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау жөніндегі прокуроры А.Ибраев 



  Өтінішпен жүгінсең – талон ал!

 

 

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес біздің егеменді мемлекетіміздің ең басты құндылығы – адам, оның өмірі, құқықтары және бостандығы болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтары мемлекеттік істерге тікелей және өзінің өкілдері арқылы араласуға, мемлекеттік органдарға және өзін-өзі басқару органдарына жеке, сонымен қатар, дара және ұжымдық шағымдарды жіберуге құқылы.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетімен мемлекеттік органдардың жұмысының айқындығын және азаматтарға олардың өтініштерін қарау барысы туралы мәліметтерге қол жеткізу мақсатында «Айқын» жобасы дайындалып жүзеге асырылуда.

Бұл жоба, өтініштердің қаралу үрдісінің айқындылығын қамтамасыз етеді. Сондай – ақ азаматтарға өз өтінішінің қаралу барысы мен қаралу мерізімін бақылауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік органға тікелей жүгінген азаматтарға 18 таңбалы нөмірі бар талон беріледі.

Талонның бірегей нөмірін пайдалана отырып өтініштің қаралу барысы мен нәтижелері туралы ақпаратты :

-        8 800-080-7777 (стационарлық), 1414 (ұялы) нөмірлеріне қоңырау шалып;

-        - 1012-ге талон нөмірімен SMS – хабарлама жіберіп (барлық байланыс операторларына 15 теңге);

-        - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің http://service.pravstat.kz сайтына кіріп, «Мемлекеттік органдарға өтініш» бөлімін таңдап, талон нөмірін теріп алуға болады.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР!   

         Өтінішті қабылдаған кеңсе қызметкері Сізге өз қолымен куәландырылған бірегей нөмірі бар талон беруге міндетті.

          Осы тәртіп бұзылған жағдайда 8/714-52/ 21-6-04 нөмірі арқылы  Қарасу ауданы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу Басқармасының бөлімшесіне хабарласа аласыз.

 

Қарасу ауданы бойынша

ҚСжАЕ алу саласындағы

заңдылықты қадағалау

жөніндегі прокуроры                                                    А. Ибраев


Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» жобасы іске қосылды. Аталған жоба Комитеттің сайтында орналастырылған (http://service.pravstat.kz).

Осы «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» ақпараттық сервисі мемлекеттік мекемелер мен азаматтарға қажет.

Бұл не үшін деген сұраққа? Сіз қылмыс жасалмайтын аймақтарды біле аласыз, осының негізінде пәтер алу немесе балалар үшін мектептер таңдау шешімдерін қабылдау кезінде қолданасыз.

Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасында кез-келген облысты көрсете отырып, қазірдің өзінде жалпы қылмыстың санын біле аламыз. Нақты мекен-жайды және керекті кезеңдегі жәйттарды білуге болады. Сондай-ақ, өзіңізге қажетті қылмыстық құқық бұзушылық мәліметтерді де бақылай аласыз. Нақты қаланы ашып, қылмысты нүктелер арқылы көруге болады, қызылмен белгіленгендер қылмыс жиі жасалатын учаскелер, қызғылт сары және жасылдар аз қылмыс жасалатын учаскелер.

Интернет – портал екі бөлімнен тұрады: ашық бөлімі  – азаматтарға, жабық бөлімі  - құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған.

Ашық бөлімінде қылмыстың айқындалған жерлері немесе мекен – жайы (ғимарат), уақыты, ауырлығы және түрлері бойынша толықтай көрсетілуі қалыптасады.

«Жазылу» функционалының көмегімен кез-келген азамат өзінің қалауы бойынша белгілі бір аумақты (мысалы, тұратын немесе жұмыс істейтін жері) белгілеу мүмкіндігі арқылы, осы жерлерде тіркелген құқық бұзушылықтар туралы ақпараттарды электрондық пошта арқылы ала алады.

Интернетке кіруге мүмкіндігі бар әр азамат Картаны қолданыла алады.

Жабық бөлімінде бекініс бөлімдері, көшпелі посттары және көше камералының орналасуы бейнеленеді, ал полиция органының басшысы онлайн режимінде өткен тәулікте канша қылмыс жасалғанын, күш және құралдарын тиімді қойылуы үшін арасан көп қылмыс жасалған орнындар біле алады.

Әрі қарай «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» порталының мүмкіндіктері Ұлттық геоақпараттық жүйемен, ел бойынша географиялық карталармен, қалалардың және елді мекендердің географиялық деректерінің базаларымен, қылмыстық құқық бұзушылықтарды көруге арналған Жерді қашықтан барлап қарау ғарыштық жүйесімен ықпалдастыру арқылы кеңейтілетін болады.

Картада қылмыстылық ахуалды қарап отыру есеп беретін жергілікті полиция қызметінің құрылуына байланысты жергілікті атқарушы органдар мен азаматтарға қажет болуда.

 

Қарасу ауданы бойынша ҚСжАЕ

алу саласындағы заңдылықты

қадағалау жөніндегі прокуроры                                                   А.Ибраев



Мемлекет мүддесінің мемлекеттік органдардың

заңгерлік қызметтері арқылы қорғалуы

 

2016 жылы экономикалық сотта қарастырылған жалпы сомасы 99 млн. теңгеден астам 24 іс бойынша мемлекеттік органдар өз арыздарында көрсетілген талаптарды дәлелдей алмады. Соған байланысты сот ол арыздарды қанағаттандырған жоқ. 

Оның себебі мемлекеттік мекемелердің заңгерлік қызметтерінің мемлекет мүддесін тиісті деңгейде қорғай алмауы. Нәтижесінде бұл жағдай азаматтар мен заңды тұлғалардың негізді түрде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне арыздануына әкеліп соқтырады.

Ағымдағы жылы Қостанай облысының прокуратурасы «Мемлекет мүддесін мемлекеттік органдардың заңгерлік қызметтері арқылы қорғау» атты жобаны енгізуді жоспарлап отыр.

Бұл жобаның мақсаты мемлекеттік мекемелердің заңгерлік қызметтерінің сотта мемлекет мүддесін қорғау деңгейін көтеру.

Негізгі міндеттер - заңгерлік қызметтердің жұмыс сапасын көтеруге және заңдылықтың нығайтылуына бағытталған шаралар кешенін дайындау, ұйымдастырушылық-құқық қолдану шараларын қабылдау, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік оргындарға деген сенімді арттыру.

Облыс прокуроры Марат Қайбжанов: «Бұл жобаны жүзеге асыру барысында біз мемлекеттік заңгерлердің сотқа сапасыз қатысуы мәселелерін шешеміз», - деді.


Баспасөз-хабарамасы

ҚТҚ бойынша

 

Бірнеше жылдан бері тұрмыс қалдықтармен ауаны ластау өзекті мәселе және жыл сайын осы өзекті мәселе қарқынды таралып отыр.

Облыс аумағында 310 полигондарда  (үйінділер)  3466 мың тонна қатты-тұрмыстық қалдықтары  (бұдан әрі-ҚТҚ) жиналған және жыл сайын олардың саны 450 мың тоннаға өсуде .

Аралас жағдайда болған бүлінген қалдықтар топырақты, ауаны улы заттың бөлінуімен ластайды, өңірдің жануарлар дүниесі мен өсімдіктер дүниесіне зиянын тигізеді, суға, су тоғандарына түскен тұрмыс қалдықтары  ерекше қауіп төндіреді.

Табиғатта өзгерген құбылыстардың салдарынан, адам денсаулығына зиянды ықпалын тигізеді.

Облыстың коммуналдық кәсіпорындарында мамандандырылған техника және арнайы құрылғылармен нашар жабдықталған және жағдайды қиындатуда, ҚТҚ полигондарында халықтың экологиялық сауатсыздығы, рұқсат берілмеген сұрапыл үйінділердің жиналуы және қалдықтарды өңдеу және іріктеу жүйесінің болмауы санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қарапайым талаптарына сәйкес келмейді.

Әлемдік тәжірибені зерттеу барысында, батыс елдерде халыққа әрбір тұрғын жасына және әлеуметтік жағдайына қарамастан, қалдықтарды қысқарту бағдарламасына күн сайын қатысуы қажет екені анықталды.

Осыған байланысты, осы күні жаңа ұрпақты қалыптастыру қажеттілігі туындады, яғни табиғи ресурстарға жауапты қарауға және қоршаған ортаны ластанудан өзінің үлесін азайтуға тырысады.

Біздің елімізде осындай жағдайларды қолдану мақсатында облыс прокуратурасымен экологиялық заңнаманы сақтауда салааралық бағыты бойынша топтардың жұмыс аясында уәкілетті органдармен және облыс әкімдігімен ҚТҚ тиімді және қауіпсіз қарауды қамтамасыз ету бойынша Жоба (2016-2018ж.ж. Іс-шаралар жоспары) әзірленді және келісілді, азаматтарға  елді мекендердің аумақтарында ластаудан қоғамдық мін тағу және эколгиялық мәдениеттін қалыптастыруға назар аударылды.

Жоспарда халықтың денсаулығына және экологиялық жүйесіне әртүрлілігі болуды сақтайтын және жағымсыз әсерін тигізетін қалдықтарды азайтуға  нақты индикаторлар көрсетілген.

 

Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Облыс прокуратурасының

1-ші Басқармасы

   

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2015 жылғы 27 шілдедегі
№ 95 бұйрығына 2-қосымша
    «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық басқармаларының мұрағаттары шегінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық басқармаларының мұрағаттары шегінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік қызметін көрсетуі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әзірледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық басқармалары (бұдан әрі қызмет беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) қызмет берушінің кеңсесі арқылы;
2) «Халыққа қызмет көрсетуорталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) қызмет көрсетушіге немесе ХҚКО құжаттар топтамасын өткізу уақытынан бастап - күнтізбелік 30 (отыз) күн;
ХҚКО жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық органдарының мұрағаттары шеңберінде мұрағаттық ақпаратты және/немесемұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі
1) қызмет берушіде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкесдемалыс жәнемереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
2) ХҚКО-да - Қазақстан Республикасыныңеңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, орталықтың орнатылған жұмыс кестесіне сәйкес, дүйсенбіден сенбі күнін қоса алғанға дейін, үзіліссіз 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет қызмет берушінің орналасқан жері бойынша көрсетіледі, қабылдау жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібінде іске асады.
9. Қызмет алушының болмаса сенімхат бойынша оның өкілінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінгенде қажетті құжаттардың тізбесі (басқа елдерден келіп түскен сұраулардан басқа): қызмет көрсетушіге:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартының1 қосымшасына сәйкес нысаны бойынша мұрағаттық анықтаманы, мұрағаттық сақтық көшірме немесе үзінді көшірмесін беру туралы өтініш;
2) жеке куәлік (жеке басты сәйкестендіру үшін);
3) туыстарына ақпарат алу кезінде туыстық деңгейін растайтын тиісті құжаттар (туу туралыкуәлік, заңды деректі анықтау туралы заңды күшіне енген тиісті сот шешімі);
4) мемлекеттік қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға ұсынған кезде - нотариуспен расталған сенімхат;
ХҚКО-на:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша мұрағаттық анықтаманы, мұрағаттық сақтық көшірме немесе үзінді көшірмесін беру туралы өтініш;
2) жеке куәлікқұжаты (жеке басты сәйкестендіру үшін);
3) туыстарына ақпарат алу кезінде туыстық деңгейін растайтын тиісті құжаттар (туу туралы куәлік, заңды деректі анықтау туралы заңды күшіне енген тиісті сот шешімі);
 4) мемлекеттік қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға ұсынған кезде - нотариуспен расталған сенімхат. Жеке басты куәландыратын, тууы туралы куәлік құжаттарының мәліметтерін қызмет көрсетуші және ХҚКО қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
ХҚКО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсеткенде ақпараттық жүйедегізаңмен қорғауды құрайтынқұпия мәліметтерді пайдаланғанда, қызмет алушыдан жазбаша түрде келісім алады, егер бұл Қазақстан Республикасының Заңымен қарастырылмаса
ХҚКО арқылы құжаттарды қабылдағанда қызмет алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі. ХҚКО дайын құжаттар жеке куәлігін ұсыну арқылы қолхаттың негізінде беріледі (болмаса оның өкіліне нотариуспен бекітілген сенімхат бойынша). ХҚКО нәтиженің сақталуын бір ай ішінде қамтамасыз етеді, одан кейін қызмет берушіге әрі қарай сақтауға береді. Қызмет алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда, ХҚКО сұрауы бойынша қызмет беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжатты қызмет алушыға беру үшін ХҚКО жолдайды.
10. Қызмет алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының9-тармағымен қарастырылған тізілімге сәйкес құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту жөнінде қолхат береді.
   3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет берушінің
ХҚКО-ның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне,
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет берушінің ХҚКО-ның және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану, шағым қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жолданады.
 Шағымдар еркін нысанда беріледі және жазбаша түрде пошта арқылы не қызмет берушінің кеңсесі арқылы қабылданады.
Қызмет берушінің кеңселеріне шағымның қабылдануының дәлелдемесі оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. ХҚКО қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым ХҚКО басшысының атына беріледі. Қолма-қол, пошта арқылы түскен ХҚКО шағымды қабылдаудың дәлелдемесі оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаларға - оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы;
2) заңды тұлғаларға - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетiледi.
Қызмет берушінің немесе ХҚКО мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызмет алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі болмаса қызмет берушінің, ХҚКО кеңселері арқылы қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегіуәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Қызмет алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, қызмет алушы Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
   4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле
отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚКО жеке келу мүмкіндігі жоқ қызмет алушылар тұрғылықты жері бойынша ХҚКО қызметкерлерінің құжат қабылдауға шығу сұрағы бойыншаБірыңғай байланыс орталығына 1414 жүгінуіне болады.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналасқан:
1) қызмет берушінікі: www.prokuror.kz; «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі.
2) ХҚО: www.con.gov.kz;     
15. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша Бірыңғай байланыс орталығы көмегімен қызмет алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алуға қашықтықтан қол жеткізуге мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары қызмет берушінің интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша бірыңғай байланыс орталығы: (1414).
  
Қарасу ауданы бойынша ҚСжАЕ алу
саласындағы заңдылықты қадағалау
жөніндегі прокуроры                                                                             А Ибраев
«Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы»
   Қоғам тарапынан ішкі істер органдарының жұмысын бақылау және олардың айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет Басшысымен «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет – порталын құру тапсырмасы берілді. Осы жүйеде елімізде болған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар белгіленеді.
Аталған шараның орындалуы Ұлт жоспарының 32 қадамында белгіленді
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті уәкілетті орган ретінде ведомствоаралық әрекеттесудің ақпараттық жүйелерінің жауапты орындаушысы болып белгіленді.
Қазіргі таңда ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысының орынбасарымен бекітілген «Іс жүзіндегі шараларды ұйымдастыру туралы» Жоспарына байланысты даярлық жұмыстары жүргізілуде.
«Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет – порталы Бас прокуратурамен бұрын құрылған «Қылмыстылық картасы» геоақпараттық жүйесі негізінде жүзеге асырылатын болады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде (СДТБТ) тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер порталдың негізгі ақпараттық көзі болып табылады.
Картадағы ақпарат қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтер СДТБТ- не енгізгеннен кейін 3-4 минуттың ішінде көрсетілетін болады.
Интернет – портал екі бөлімнен тұрады: ашық бөлімі  – азаматтарға, жабық бөлімі  - құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған.
Ашық бөлімінде қылмыстың айқындалған жерлері немесе мекен – жайы (ғимарат), уақыты, ауырлығы және түрлері бойынша толықтай көрсетілуі қалыптасады.
«Жазылу» функционалының көмегімен кез-келген азамат өзінің қалауы бойынша белгілі бір аумақты (мысалы, тұратын немесе жұмыс істейтін жері) белгілеу мүмкіндігі арқылы, осы жерлерде тіркелген құқық бұзушылықтар туралы ақпараттарды электрондық пошта арқылы алуға да болады.
Интернетке кіруге мүмкіндігі бар әр азамат Картаны қолданыла алады.
Жабық бөлімінде бекініс бөлімдері, көшпелі посттары және көше камералының орналасуы бейнеленеді, ал полиция органының басшысы онлайн режимінде өткен тәулікте канша қылмыс жасалғаның, күш және құралдарын тиімді қойылуы үшін арасан көп қылмыс жасалған орнындар біле алады.
Әрі қарай «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» порталының мүмкіндіктері Ұлттық геоақпараттық жүйемен, ел бойынша географиялық карталармен, қалалардың және елді мекендердің географиялық деректерінің базаларымен, қылмыстық құқық бұзушылықтарды көруге арналған Жерді қашықтан барлап қарау ғарыштық жүйесімен ықпалдастыру арқылы кеңейтілетін болады.
Қазіргі таңда «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» истернет – порталына қатысты заңнамалық өзгерістерде енгізілді.
Нақты айтқанда, 2015 жылдың 25 қарашасында мемлекет Басшысымен  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойылды, осыған сәйкес «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы»  ҚР Заңы «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет – порталы туралы қағидасымен толықты және интернет- порталдың жұмыс істеуін қамтамасыз ету құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетіне жүктелді.
Қолданыстағы «Қылмыстық құқық  бұзушылықтар» сервисі  облыс орталықтарына Астана, Алматы және 19 моноқалалардың барлығына ұсынылды. Жобаның толық іске асырылуы үшін  8 моноқалаларды (бірінші кезең) және 250 – ден астам аудан орталықтарын  (екінші кезең) қосу жоспарлануда.
Бүгінгі күні Арқалық қаласы ІІБ –да СДТБТ АЖ аталған функционал жұмыс істеуде, соның негізінде аймақтағы криминалдық ахуалды жедел түрде анықтауға мүмкіндік береді.
Карта Комитет сайтында орналастырылған және ішкі істер органдарына, әкімшіліктерге, сонымен қатар интернет жүйесінің қарапайым қолданушыларына қажет.
Әр облысты көрсете отырып, қазірдің өзінде жалпы қылмыстың санын біле аламыз.
Нақты қаланы ашып, қылмысты нүктелер арқылы көруге болады, қызылмен белгіленгендер қылмыс  жиі жасалатын учаскелер., қызғылт сары және жасылдар аз қылмыс жасалатын учаскелер.
Картада қылмыс қашан, қандай жағдайларды жасалғаны да бейнеленген.
Осылайша, 32 – ші қадамның орындалуы бойынша ұйымдастырылған іс- шаралардың арқасында, интернет портал 2016 жылдың аяғында құрастырылып және қолданысқа ұсынылады.
Қарасу ауданы бойынша ҚСжАЕ алу
саласындағы заңдылықты қадағалау
жөніндегі прокуроры                                                                                А. Ибраев
    

Қарасу ауданының прокурорларымен азаматтардың медициналық көмек саласындағы конституциялық құқықтары қорғалды
   Қарасу ауданының прокуратурасымен тұрақты түрде азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бойынша жұмыс жүргізілуде. 2015 жылдың 5 айында 87 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды.
   ко дню конституции 1
   Қазақстан Республикасы Конституциясының 29б. 2б. сәйкес, республика азаматтары медициналық көмектің заңмен белгіленген кепілді көлемін тегін алуға құқылы.  Тегін медициналық көмек көрсетудің тәртібі заң жүзінде нақты белгіленген болса да, оны орындамау жағдайлары орын алуда. Қарасу ауданының прокуратурасымен ерекше қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу іс-шаралары туралы заңнама талаптарының бұзылу фактілері анықталды.
   Сөйтіп, 2015 жылдың 1 тоқсаны нәтижелері бойынша, балаларға екпе жасалмаған. 
   Аудан прокуратурасының ұсынысы бойынша кепілді тегін медициналық көмек көрсету шеңберінде 77 бала вакциналаумен қамтылды, сонымен олардың тегін медициналық көмекке деген конституциялық құқықтары қорғалды.
Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 Жұмыс істемейтін қызметкерге жалақы аударып келген
   Қарасу ауданындағы «Балапан» балабақшаның директоры жұмыс істемейтін қызметкерге жалақы аударып отырған, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. 
3532getImage 4 "Балапан» балабақшасы» МКК қызметіне жүргізілген тексеру барысында ұйым басшысы тарапынына қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану фактілері анықталған",  —  деді Рауан Қалабаева.
 Оның мәліметінше, 2014 жылдың 17 қаңтарында балабақша директорының бұйрығы негізінде балабақшаға от жағушы алынған. Алайда, алынған жұмыскер іс  жүзінде жұмыс істемеген. Оның орнына басқа біреу атқарып, ай сайынғы жалақы төленіп келген. Сондай-ақ, балабақша директоры мемлекеттік мекемеде  басқару міндеттерін атқара отырып,  ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының 12 б. 2 бабы бойынша жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық  бұзушылық жасаған. Көрсетілген факті бойынша балабақша директорына қатысты аудан прокуратурасы тәртіптік өндірісі қозғап, жұмысынан босатылды.
   

        Қазақстан Республикасындағы Конституциялық заңдылық
    
         Қазақстан Республикасының Конституциясы қазақстандық қоғамның жоғарғы құқықтық байлығы болып табылады. Конституциялық заңдылық деп Негізгі заңның мемлекеттің бүкіл аумағында жоғарғы заңды күшін және тікелей қолданысын қамтамасыз ететін шынайы қолданылатын жүйені түсінуге болады.
         Негізгі заңның мазмұндық сипаттамасы ерекше маңызды, себебі жалпыадамзаттық құндылықтар мен адамның құқықтары мен бостандықдықтарын мемлекеттің ең қымбат қазынасы ретінде құқықтық принципті белгілейтін конституциялық заңдылықтың мәні болып тек Конституция ғана болады.
         Көрсетілген адамның басымды құндылықтары Конституцияның 1 бабында бекітілген, сондай-ақ Негізгі заңның 12 бабының 2 тармағында «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған,... заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» делінген.
         Қазақстан Республикасында конституциялық заңдылықтың бұзылуын алдын алу үшін Конституцияны қорғайтын құқық құралдарының біртұтас жүйесі жасалған. Конституциялық заңдылықты қамтамасыз ететін және қорғайтын басты институт болып конституциялық бақылау табылады.
         Қазақстан Республикасында конституциялық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар болып, өздерінің негізгі функцияларын орындау процессінде бақылауды жасайтын Президент, Парламент, Үкімет, сондай-ақ конституциялық бақылаудың арнай органы ретінде Конституциялық Кеңес, сот пен прокуратура органдары табылады.     
А.Ж.Ибраев 


хат жіберу