Блог статистикасы
195
Жазбалар
4939
Өтініштер
197431
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
  • Қостанайда халық шығармашылығы фестивалінің жеңімпазы 2 млн теңгеге ие болды

Қостанайда халық шығармашылығы фестивалінің жеңімпазы 2 млн теңгеге ие болды

Қостанайда «Қуатты Қазақстан – шуақты Қазақстан» атты XXXI облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. «Мирас» мәдениет сарайында өткен салтанатты бас қосуға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысып, жүзден жүйрік шыққандарға сый-сияпат жасады. «Қостанай өңірі еліміздің мәдениеті мен әдебиеті саласында артында өшпес із қалдырған ұлы перзенттерімен мақтана алады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың игі бастамасындағы рухани жаңғыру мәдениет пен әдебиетке бағытталмақ. Осы орайда биылғы жыл біздің өңір үшін ерекше оқиғаларға толы. Солардың бірі – Амангелді ауданында Кейкі батырдың кесенесін салу мен ұлы ұстаз Ы.Алтынсариннің мазарын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Оның сыртында Қостанай қаласына сәулет беретін Шақшақ Жәнібек тарханның алып ескерткішін орнату шаралары да қолға алынды. Облыс аумағында мәдениет ошақтарын күрделі жөндеуден өткізу мәселелері де өз шешімін табуда. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Ал, осынау мәдениет саласында жыл сайын дәстүрге айналған фестивалдің бүгінгі жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймын», – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің құттықтау сөзінде. Одан кейін облыста мәдениет саласына еңбегі сіңген қайраткерлер ҚР Спорт және мәдениет министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» құрмет белгісімен, алғыс хатымен, сондай-ақ, Қостанай облысы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. «Өңірдің мәдниет ошақтарының арасында жыл сайын дәстүрге айналған бұл фестиваль өзінің ерекшелігімен есте қалады. Себебі, өңірдің шығармашыл тұлғаларын бір арнаға тоғыстырған игі бастама алыс ауылдағы нағыз дарын иелерін қалың жұртшылыққа таныстыруға жол ашады. Оның сыртында облыстың өнер ұжымдары өздерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдауға таптырмайтын байқау болып отыр», – дейді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов. Сонымен, жұртшылық асыға күткен «Қуатты Қазақстан – шуақты Қазақстан» атты XXXI облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы фестивалінің лауреаттары да белгілі болды. Бұл байқауда Жітіқара мен Әулиекөл аудандары үшінші орынға табан тіреп, 1 млн теңгеге ие болды. Ал, екінші орын алған Федоров ауданының өнер ұжымдарына 1 млн 300 мың теңге берілді. Бірінші орынға лайық деп танылған Амангелді ауданының қанжығасына 1 млн 700 мың теңге бұйырды. Фестивалдің бұл жолғы бас жүлдесі Рудный қаласына бұйырды. Олар 2 млн теңгеге ие болды. «Бүгін міне облыста мәдениет қызметкерлеріне құрмет көрсетуде. Біздің Қарасу аудандық «Достық» мәдениет үйінің жанынан құрылған «Тамаша» драма ұжымының еңбегі еленіп, олбыс әкімінің қолынан алғыс хат алдық. Бұл біздің ұжым мүшелеріне үлкен серпіліс сыйлады», – дейді «Тамаша» драма ұжымының жетекшісі Бердімұрат Сайлаубек. Мешіт ҒАЗИЗҰЛЫ http://karasunews.kz/?p=1445

хат жіберу