Блог статистикасы
195
Жазбалар
4939
Өтініштер
197414
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Әкімдіктің 
2015 жылғы 19 қаңтардың
№ 44 қаулысымен 
бекітілген

«Қарасу ауданы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі туралы ереже

  

1. Жалпы  ережелер

         

          1. «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімдік) аудан әкімінің және Қарасу ауданының жергілікті атқарушы органының қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді  жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.      

           «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қарасу ауданының әкімдігі болып табылады.   

  1. «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік  құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.   

3.  «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауымен мөрі мен штампы, бекітілген үлгідегі бланктері, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес  қазынашылық органдарында есебі бар.                                                                                                        

4. «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз дербес атынан қатысады.

5. «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің егер оған бұл үшін заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға тарап ретінде қатысуға құқығы бар.

6. «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер және Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған басқа да актілерді қабылдайды.

7. Әкімі аппаратының  құрылымы және штат саны лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

Әкімі аппаратының  құрылымына құжатамалық қамтамасыз ету бөлімі, ұйымдық-бақылау жұмысы бөлімі, кадрлармен жұмыс бөлімі, қаржы-шаруашылық бөлімі, заңдық бөлім, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі енеді.

8. Заңды тұлғаның орналасқан орны: 111000, Қазақстан Республикасы, Қостанай  облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, А.Исақов көшесі, 73.

9. Мемлекеттік органның толық атауы:

- мемлекеттік тілде - «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

- орыс тілде - государственное учреждение «Аппарат акима Карасуского района». 

10. Осы Ереже «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады. 

11. «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыруы жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеті болып табылатын міндетін орындау нысанына кәсіпкерлік субъектілерімен шарттасқан қарым-қатынасқа түсуге тыйым салынады.    

Егер «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

   

2. Мемлекеттік органның миссиялары, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы аудан әкімінің және әкімдіктің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету болып табылады.

14. Міндеттері:

1) аудан әкімінің және әкімдігінің өкілеттігін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреті шегінде іске асыруын қамтамасыз ету;

2) атқарушы органның тиісті аумақтың дамуының мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлесімде жалпымемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етуіне жәрдем беру;

3) аудан әкімінің және әкімдіктің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету бойынша барлық құрылымдылық бөлімшелері жұмысының тиімділігін арттыру.

15. «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

         1) аудандағы экономикалық және ішкі саяси жағдайға талдау және зерттеу, оның дамуын болжау, жергілікті бюджет есебінен қаржыландыратын аудандағы атқарушы органдардың және ауылдық округ, ауыл, поселкі әкімдерінің жұмысын талдау, аудан әкімдігінің мүшелері сұраған сұранымдар бойынша қажетті ақпаратты дайындау;

2) аудан әкімінің және әкімдігінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жарыққа шығаруды қамтамасыз ету;

         3) аудан әкімдігінің ресми сайтында мемлекеттік басқару органдарымен азаматтардың өзара ақпарат алу, іс-қимылын ұйымдастырылуын қолдау мен дамытуды қамтамасыз ету;

         4) шешімдер жобасын және әкім өкімдерін, әкімдіктің қаулысын жасайды;

         5) аудан әкімдігінің және әкімінің нормативтік құқықтық актілерін мониторингілеу,  әділет органдарына тіркеу, бұқаралық ақпарат құралдарында олардың жариялануын іске асыру;

         6) аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінде тәртіптік жағдайдың орындалуына талдау жасау, соны мен қатар ауыл, ауылдық округтер, ауылдық округтердің құрамына кірмейтін құрылымдарды әкімдіктің ақпараттандыруы.

         7) аудан әкімдігінің сотында және прокурорлық актілерді қарайтын қарастыратын және басқада қадағалайтын органдарда әкімнің тапсырмалары бойынша және аудан әкімдігінің мүшелерінің көрсетуімен және әкімнің  қызығушылықтарын қорғау.

8) аудан әкімдігінің отырыстарын, оның орынбасарларының  мәжiлiстерін өткiзу және жоспарлау, мәжiлiс хаттамаларын даярлау және  материалдарын дайындау мен басқа шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

9) орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерін, мемлекеттік емесе құрылымдарын аудан әкімдігі және әкімімен  өзара iс-қимыл жасауын қамтамасыз ету;

10 ) аудан әкімдігіне бағынышты мемлекеттік басқарушы органдардың қызметін үйлестірумен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету;

11) аудан әкімінің тапсырмасы бойынша тиісті лауазымды тұлғалардың жазбаша түсініктері мен ауызша тыңдау керек болса сол құзыреті шегінде  аудан әкімдігінің мүшелерімен тексеріс жүргізу;

12) Президенттің, Үкіметтің тапсырмаларын және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының сонымен қатар облыс әкімдігінің және әкімінің, әкімінің және аудан әкімдігінің атқарушы органдарының, ауыл, кенттік, ауылдық округ әкімдерінің, ауылдық округтердің құрамына кірмейтін құрылымдары бойынша  актілердің орындалуын бақылау;

13) аудан әкімдігі аппаратында әкімдіктің құжаттамалық қамтамасыз етуін орындау, соның ішінде құпия іс-қағаздардың қолданыстағы заңға сай жүргізілуін орындау;

14) Қазақстан Республикасының заңына сай, жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сұрақтар есебінің қаралуын жүргізу;

15) аудан әкімдігінде азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, әкім және аудан әкімдігінің мүшелерімен жеке қабылдауды ұйымдастыру;

16) әкім және аудан әкімдігінің мүшелерімен дер кезінде кіріс құжаттардың қаралуын ұйымдастыру, бастапқы өңдеудi, алдын ала қараумен тiркеудi, есептеу, сақтау, таратуды және жеткiзудi iске асыру;

17) мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуге бағыталған шараларды іске асыруға байланысты шарлар қолдану;

18) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар көрсететін мемлекеттiк қызметтердiң сапасының жоғарылауын қамтамасыз ету;

19) Қазақстан Республикасының заңына сай, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын іштей бақылау;

20) ауданда ақпараттық жүйелердiң дамуына және ақпараттандыру жүйесінің деңгейін жоғарылату бойынша жұмыстар өткiзу;

21) мемлекеттік марапаттармен  мадақтауға ұсыну үшін құжаттарды дайындау, оларды табыс ету ;

22) мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын орындау бойынша ауданның ауыл және ауылдық округ әкімдері аппараттарының, аудан әкімдігі бөлімдерінің қызметін үйлестіреді;

23) персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру, кадрларға қажеттілікті жоспарлау және талдау, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша кадрлық резервті қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;

24) кадрларға мониторинг жасау, кадрлық іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру, оның ішінде «е-қызмет» персоналды басқару ақпараттық жүйесі арқылы;

25) азаматтық хал актілерін тіркеу және Қазақстан Республикасының заңнамасымен орнатылған тәртіпте жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер базасында тіркеу туралы деректерді енгізу;

26)     өз құзыр шектерінде гендерлік саясатты iске асыру;

27) Қазақстан Республикасының  заңына сай, басқада функцияларды жүзеге асыру.

16. Құқықтары мен міндеттері:

1)  өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымдық тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды әкімнің, әкімдіктің және аудан әкімі аппаратының құзыреті шегінде сұрау;

2) аудан аумағында орналасқан ұйымдар басшыларына өз құзыретінде мәселесі бойынша қажетті тапсырмалар беру;

3) сәйкес аумақта басқару тиімділігін арттыру мәселесі бойынша басқа мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен қарым-қатынас жасау;

4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да құқықтарды іске асыру;

         17. «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

         1) Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау;

         2) Президенттің, Үкіметтің және басқа да орталық атқарушы органдардың, сонымен бірге әкімнің және облыс әкімдігінің, аудан әкімінің және аудан әкімдігінің тапсырмалары мен актілерін сапалы және дер кезінде орындау.

  

3. Мемлекеттік орган  қызметін  ұйымдастыру

18. Қарасу ауданы әкімінің аппаратын Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.

19. «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттілігі:

1) «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда ұсынады;

2) «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

3) «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені, құрылымы және штаттық саны туралы ұсыныстарды әзірлейді және оларды әкімдікке бекітуге енгізеді, еңбекке ақы төлеу қорын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметшілер емес жұмысшыларды  материалдық ынталандырулар, қосымша төлемдер белгілейді;

4) ішкі еңбек тәртібін белгілейді, құрылымдық бөлімшелердің қызметіне жалпы басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады, олар туралы ережелерді бекітеді, лауазымдық нұсқаулықтарды бекітеді;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметші болып табылмайтын аппарат қызметкерлерін тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;

6) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;

7) «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері міндетті түрде орындауға тиіс бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтар береді;

8) Президенттің, Үкіметтің, сонымен бірге әкімнің және облыс әкімдігінің, аудан әкімінің және аудан әкімдігінің тапсырмалары мен актілерін орындауға бақылауды іске асырады.

9) қолданыстағы мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға және еңбек заңнамасына сәйкес кадрлармен жұмысты бақылайды;

10) құзіреті шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қояды;

11) қызметкерлерді іссапарларға жібереді;

12) аудан әкімімен және оның орынбасарларымен азаматтарды және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

13) азаматтарды жеке қабылдауды жасайды;

14) өз құзыреті шегінде «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ақша қаражатын басқарады, қаржылық құжаттарға қол қояды;

15) аудан әкімімен жүктелген басқа міндеттерді орындайды;

 «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысының жоқтығы кезінде өкілеттілікті орындау, қолданыстағы заңнамаға сәйкес орнын басатын тұлғамен орындалады.

  

4. Мемлекеттік орган мүлігі

26. «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі негізгі қорлардан және айналым қаражатынан тұратын, оралымды басқару құқығында сонымен қатар заңнамамен қарастырылаған жекеше мүлік бар.  

 «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің есебінен қалыптастырылады.

27. «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

28. «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің оған бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер заңнамамен өзгеше белгіленбесе, өз бетінше иеліктен шығаруына немесе өзге де тәсілмен иелік жасауына құқығы жоқ.

                                                  

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

29. «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

________________________________

  

Әкімдіктің

2017 жылғы  «10» қантардағы

 № 6 қаулысымен бекітілген

 

 

Қарасу ауданы әкімдігінің регламентi

 

1.                 Жалпы ережелер

 

1.          Қарасу ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының біртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы биліктiң жалпымемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттiлiгімен үйлестіре жүргiзудi қамтамасыз етедi.

2. Әкiм әкімдік құрамын әкiм орынбасарларынан, әкiм аппаратының басшысынан, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрады.

Әкiм әкімдік мүшелерiнiң санын айқындайды.

Әкiм әкімдіктің дербес құрамын айқындайды және аудандық мәслихат сессиясының шешiмiмен келiсiледi.

3. Әкiмдік қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледi.

4. Әкімдіктің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi аудан әкімінің аппараты (бұдан әрі – аппарат) жүзеге асырады.

5. Әкiмдік іс қағаздарын жүргiзу және әкімдікке түсетiн хат-хабарларды өңдеу аппаратқа жүктеледi және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларымен айқындалған тәртіппен Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін (бұдан әрі  - ЭҚАБЖ) пайдалана отырып жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттік органдарға жіберілетін шығыс хат-хабарлар (оның ішінде электрондық құжат форматында) елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделеді (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі).
      7. Әкiмнiң орынбасарлары мен аппарат басшысы әкімдіктің және әкiмнiң қарауына енгiзiлетiн актілер жобалары өтуiнiң осы Регламентпен белгiленген тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.

8. Аудан әкімі, оның орынбасарлары мен аппарат басшысы олардың құзырына кіретін мәселелер бойынша, аудан бюджетінен қаржыландырылатын барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына олармен алдын ала келісім жасауынсыз орындауға міндетті тапсырмалар бере алады.

 

 

2. Жұмысты жоспарлау

 

      9. Аппарат әкімдік мүшелерiнiң және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар (бұдан әрi - атқарушы органдар) басшыларының ұсыныстары бойынша әкімдік мәжiлiстерiнде қаралатын мәселелердiң тоқсан сайынғы тiзбесiн жасайды.

Әкiмдіктің мәжiлiстерiнде қарауға жоспарланатын мәселелердiң тiзбесiн әкiм бекiтедi.

         Бекiтiлген тiзбе әкiмдік мүшелерiне, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, атқарушы органдардың басшыларына, ауыл және ауылдық округтің әкімдеріне және басқа да лауазымды адамдарға таратылады.

         Әкiм тиiстi атқарушы органның бiрiншi басшысы не аппарат басшысы ұсынатын анықтама негiзiнде тiзбеден жоспарланған мәселенi алып тастау немесе оны қарауды басқа да мерзiмге ауыстыру туралы шешiм қабылдайды.

 

 

3. Әкiмдік мәжiлiстерiн дайындау және өткiзу тәртiбi

 

         10. Әкiмдік мәжiлiстерi айына кемінде бiр рет өткiзiледi және оны әкiм шақырады.
         11. Әкiмдік мәжiлiстерiнде әкiм, ал ол болмаған кезде - әкiмнiң мiндетiн атқарушы орынбасары төрағалық етедi.

         12. Әкiмдік мәжiлiстерi, әдетте, ашық болады және мемлекеттiк тілде және (немесе) орыс тiлiнде жүргiзiледi. Қажет болған ретте, жекелеген мәселелер жабық мәжiлiстерде қаралуы мүмкiн.

         13. Әкiмдік мәжiлiсі, егер оған әкiмдік мүшелерiнiң кемінде үштен екiсi қатысса, заңды болып есептеледi. Әкiмдіктің мәжiлiсiнде мәселенi қараудың нәтижелерi бойынша қаулы қабылданады. Қаулы әкiмдіктің қатысып отырған мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады.

         14. Әкiмдіктің мәжілістеріндемәслихаттың депутаттары, ауыл және ауылдық округтің әкімдері сондай-ақ әкім бекіткен тізбе бойынша кеңесші дауыс құқығымен жергілікті атқарушы органдар аумақтық бөлімшелерінің басшылары және өзге де лауазымды адамдар қатыса алады.

         15. Аппараттың және атқарушы органдардың әкiмдік мәжiлiстерiнде қарауға мәселелер дайындауы мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады:

         әкімдік мәжілісіне енгізілетін анықтамаларға, талдау материалдарына, қаулылардың жобаларына құжатты енгізетін органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам (бұдан әрi - бiрiншi басшы) алдын ала бұрыштама қояды, оның қолы осы органның ресми көзқарасын растау болып табылады;

         жоба мен анықтама, әдетте, аралығы екі жол арқылы басылған 5 бет мәтіннен аспауы тиiс;

         әрбiр мәселе бойынша жобаның және анықтаманың тақырыптары бiрдей болуы тиiс;

         әкiмдіктің мәжiлiсiне енгiзiлетiн материалдарға, қажет болған ретте, қосымша ақпараттық мәлiметтер қоса берiледi;

         мәселе енгiзетiн орган немесе аппараттың құрылымдық бөлiмшесi талқыланатын мәселелер бойынша мәжiлiске шақырылғандардың тiзiмiн айқындайды және нақтылайды. Аппарат шақырылғандардың келуiн қамтамасыз етедi.

         16. Аппарат мәжіліс күн тәртібінің жобасын жасайды және әкіммен не оны алмастыратын адаммен келiсiлгеннен кейiн, оны және тиiстi материалдарды аппарат басшысы бекіткен жіберілім көрсеткішіне сай, мәжiлiске дейiнгi үш күнде әкiмдік мүшелерiне және шақырылғандарға, ал қажет болған ретте, басқа да лауазымды адамдарға таратады.

         Тиiстi органдар материалдарды уақытылы ұсынбаған жағдайда аппарат басшысы бұл туралы әкiмге немесе оны алмастыратын адамға баяндайды. Материалдардың уақытылы ұсынылмауына жауапкершiлiк тиiстi органдардың бiрiншi басшыларына жүктеледi.

         Әкiмнiң тапсырмасы бойынша шұғыл түрде әкiмдік мәжiлiсiн өткiзген кезде қаралатын мәселелер бойынша материалдар аппаратқа ол өткiзiлетiн күнi енгiзiлуi мүмкiн.

         17. Әкiмдік мәжiлiсiнде хаттама жүргізіліп, онда қатысқан лауазымды адамдар, талқыланатын мәселелердiң аты және мән-жайы, талқылау кезiндегi баяндамашылар мен сөз сөйлеушiлер, олардың сөйлеген сөздерiнiң негiзгi мазмұны, ескертулер және әкiмдік мүшелерi қабылдаған қаулы көрсетiледі. Әдетте, мәжiлiстiң стенографиясы жүргiзiледi, мәжiлiстерде қаралатын мәселелер ақпараттың электронды көздеріне жазылады.

         Әкімдік мәжілісінде қабылданған шешімдерді аппараттың тиісті бөлімі мәжіліс аяқталған күннен бастап үш күн мерзімде хаттамамен елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімдейді (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі), оған аппарат басшысы бұрыштама қояды және мәжілісте төрағалық етуші қол қояды.

         Әкiмдік мәжiлiстерiнiң хаттамаларына күнтiзбелiк жылға арналған реттiк нөмiрлер берiледi. Хаттамалар немесе олардың үзінділері оларға қол қойылған күнi әкiмдік мүшелерiне, ал қажет болған ретте, мәжiлiстерде тиiстi тапсырмалар берiлген басқа органдарға және лауазымды адамдарға таратылады. Жіберілім тiзбесiн аппарат басшысы бекiтедi.

         Әкiмдік мәжiлiстерiнiң хаттамалары (түпнұсқалары), сондай-ақ олардың құжаттары аппаратта сақталады.

         Әкiмдік мәжiлiстерiнiң хаттамалары және олардың құжаттары уақытша сақтау мерзiмдерi өткеннен кейiн мұрағатқа өткiзiледi.

 

 

4. Әкiмдік және әкiм актiлерiнiң жобаларын
   дайындау мен ресiмдеу тәртiбi

        

18. Атқарушы органдар әкімдік тиісті шешім қабылдауы үшін оның атына мынадай жағдайларда ұсыныстар енгізеді:

1) мәселенi шешу әкiмдіктің құзыретiне кiргенде;

         2) жергiлiктi атқарушы органдар арасында келіспеушілік туындаған кезде;
         3) мәселенiң шешiлуi жергiлiктi атқарушы органдардың және орталық атқарушы органдар аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметiн үйлестiрудi талап еткенде.
         19. Аппарат және жергілікті атқарушы органдар әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің жобаларын (бұдан әрi - жобалар) дайындауды «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады. 

Мүдделi органдармен келiсiлген, бiрiншi басшылары немесе оларды алмастыратын адамдармен қол қойған жобалар мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде ұсынылады.

Жобаға "ескертулермен" келiсу болған кезде келіспеушіліктер туралы бiрiншi басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қол қойған, қажеттi түсiндiрмелер берілген анықтама тiркеледi.

Жобаларды әзiрлеуге қатысушы органдар арасында келіспеушіліктер туындаған кезде, қаралып отырған мәселелердiң мән-жайы құзыретiне кiретiн әкiмнiң орынбасары, аппарат басшысы не оның орынбасары кеңес шақыра алады, оның нәтижелері хаттамалармен ресімделеді.

Келіспеушіліктер жойылған кезде тиiстi орган белгiленген мерзiмде жобаны пысықтайды және оны қол қоюға ұсынады. Талқыланған мәселе бойынша келiсiмге қол жетпеген жағдайда, әкiмнiң орынбасары, аппарат басшысы бұл туралы түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн әкімге не оны алмастыратын адамға ақпарат бередi.

20. Жобалардың уақтылы, сапалы әзiрленуiне және әкiмдікке белгiленген мерзiмдерде ұсынылуына, сондай-ақ жобаның мемлекеттiк тілдегі және орыс тiліндегi мәтiндерiнiң түпнұсқалылығына оны әзірлеуді жүзеге асырушы органның бiрiншi басшысы дербес жауапты болады.

21. Жобалар мiндеттi түрде мыналармен келісіледі:

1) құзыретiне орай мүдделi атқарушы органдармен, бұл ретте жобаны келiсудегi мұндай мүдделiлік қаралатын мәселелердiң мән-жайы ескеріле отырып, белгiленедi;

2) қаржы саласындағы тиісті атқарушы органмен - жобаның қаржылық орындылығы және қаржыландырумен қамтамасыз етiлуi мәселелерi бойынша;

3) экономика саласындағы тиісті атқарушы органмен - экономикалық орындылығы және ел мен аймақтың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкестiгі мәселелерi бойынша.

         22. Жобаны әзiрлеушi жобаның көшiрмелерiн бiр мезгiлде барлық мүдделi атқарушы органдарға жiбередi.

Бұл ретте атқарушы органдарда келiсу мерзiмi бiр мезгiлде есептеледi және жобалардың түскен әрі тiркелген кезiнен бастап 3 жұмыс күнiнен аспауы тиiс.

Әкiм, әкiмнiң орынбасарлары және аппарат басшысы келiсудiң өзге мерзiмдерiн белгiлей алады.

Әкiмнiң, әкiм орынбасарларының тапсырмалары бойынша шешiмдердi неғұрлым жедел қабылдау мақсатында атқарушы органдардың басшылары немесе лауазымды адамдар (лауазымы бойынша басшының орынбасарларынан төмен емес) жобаға бұрыштаманы кеңесте (мәжiлiсте) қоюы мүмкiн. Бұл ретте көрсетiлген лауазымды адамдар жобаның жасалуы немесе өздерiнiң бұрыштама қойғандығы туралы тиiстi атқарушы органның бiрiншi басшысына баяндайды.

Жобаның көшiрмесiн келiсуге алған кезде атқарушы органдар жобаға басқа мүдделi органдардың алдын ала бұрыштама қоюларын талап етуге, сондай-ақ басқа желеу белгiлермен келiсуден бас тартуға тиiстi емес.

23. Келiсушi орган жобаны қараудың нәтижелерi бойынша бiрiншi басшының не оны алмастыратын адамның қолы қойылған жауаптың мынадай нұсқаларының бiрiн әзiрлеушiге ұсынуы тиiс:

1) жоба ескертулерсiз келiсiлді (жобада бұрыштама болады);

2) жоба ескертулермен келiсiлді (жобада ескертулерiмен бұрыштама болады және ол қоса берілуі тиіс);

3) жобаға келiсуден бас тартылды (дәлелдi бас тарту қоса берiледi).

24. Келiсу мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн жобаны әзiрлеушi мүдделi органдардың барлық ұсынысын жобаның түпкілікті нұсқасына жинақтайды (ескертулердi жояды). Бұл ретте, түпкiлiктi нұсқаны дайындау процесінде әзiрлеушi өзі келiскен атқарушы органдардың ескертулерiн мiндеттi түрде жояды.
         Жобаны әзiрлеушi жобаны аппаратқа енгiзу кезiнде мүддесi осы жобада қозғалып отырған орган бұрыштамасының болмау себептерiн (мұндай факт болған жағдайда) түсiндiрме жазбада (1-қосымша) мiндеттi түрде көрсетедi, бұл ретте, енгiзiлген материалдарға тиiстi органға келiсу үшiн енгiзiлгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi қоса берiледi. Мұндай растау болмаған жағдайда, жоба мүдделi органға келiсуге жiберiлмеген болып есептеледi.

         Қажет болған ретте, әкiмнiң, әкiм орынбасарының немесе аппарат басшысының нұсқауы бойынша жоба қосымша келiсуге жiберiлуi мүмкiн.

         25. Әзiрлеушi осы жобаны қабылдау қажеттiлiгiн, ол қабылданған жағдайда, әлеуметтiк-экономикалық салдарын, оны iске асырумен байланысты болжанып отырған қаржы шығыстары негізделген түсiндiрме жазбаны, сондай-ақ бұл мәселе бойынша бұрын әкiмдіктің және әкiмнiң қандай актiлерi қабылданғаны және олардың қалай орындалғаны туралы мәлiметтердi мiндеттi түрде жобаға қоса бередi.

Егер актiлердiң жобалары нормативтiк сипатта болса және (немесе) әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi қозғаса, әзiрлеушi түсiндiрме жазбада нақты мақсаттарды, күтiлiп отырған нәтижелердiң мерзiмдерін және енгiзiлiп отырған ұсыныстардың болжанып отырған тиiмдiлiгін көрсетуге мiндеттi. Бұл актiлердi әкiмдік немесе әкiм қабылдаған жағдайда, оларды іске асыру қорытындылары бойынша, әзiрлеушi, актілерде белгiленген мерзiмдерге сәйкес олардың қолданылуының нәтижелері туралы қысқаша есеп тапсыруы тиiс.
         Жобаны әзiрлеушi мемлекеттiк органның басшысы екi парақтан аса көлемдегi жобалардың және жобаларға қосымшалардың әр парағына қол қоюы тиiс.

26. Жобаны әзiрлеушi жобада бiр мезгiлде әкiмдік қаулыларын және /немесе әкiм шешiмдерi мен өкімдерiн қабылданатын актiлерге сәйкес келтiру жөнінде норма көздейдi және/немесе нақты мерзiмдер белгiлей отырып, оларды сәйкес келтiру туралы тапсырманы көздейдi.

27. Әзiрленген (пысықталған) жоба (оған тиiстi материалдармен бiрге) жоба бойынша сараптама жүргiзу үшін аппаратқа енгiзiледi.

Аппаратта тiркелер алдында жобаның іс қағаздарын жүргiзу талаптарына сәйкестiгi тексерiледi.

Жобаның іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкес еместiгi туралы ескертулер болған ретте, аппарат жобаны тiркеуге дейiн әзiрлеушiге қайтаруға құқылы.

Жоба аппаратта тiркелгеннен кейiн оның мәтiндерiнiң мемлекеттiк тілдегі және орыс тiлiндегi түпнұсқалылығы тексерiледi және сараптамадан өтедi. Жобаға сараптама жүргізу мерзiмi жобаның аппаратта тiркелген күнінен бастап 3 жұмыс күнiнен аспауы тиiс.

Аппарат оның мәтiндерiнiң түпнұсқалылығын тексеру, сараптама жүргiзу барысында немесе оның нәтижелерi бойынша жобаны мынадай негiздер бойынша әзiрлеушiге пысықтауға қайтаруға құқылы:

1) жоба мәтiндерiнiң мемлекеттiк тілдегі және орыс тiлiндегі мәтіндердің түпнұсқалы еместiгi;

2) оның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтiндiгi;

3) осы Регламенттiң талаптары бұзыла отырып ұсынылуы.

         Басқа желеулер бойынша терiс сараптамалық қорытынды жобаны қайтару үшiн негiз бола алмайды.

28. Жобаларды әкiмнiң орынбасарларында келiсу мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес жүзеге асырылады. Әкімнің орынбасарларында мазмұндық сипатта ескертулер туындаған жағдайда, олар қажет болған ретте нәтижелерi хаттамамен ресiмделетiн кеңес шақырады.

Жоба аппаратта сараптамадан өткеннен кейiн аппарат басшысы ол бойынша шешiм қабылдау үшiн әкiмге не оны алмастыратын адамға баяндайды.
         29. Әкiмдіктің қаулыларына, әкiмнiң шешiмдерi мен өкiмдерiне қол қояды. Актілерге қол қойғаннан кейiн олардың түпнұсқаларына түзетулер енгiзiлмейдi.

         30. Аппарат әкімдік қаулыларының, әкім шешiмдерi мен өкiмдерiнiң куәландырылған көшiрмелерiн аппарат басшысы бекіткен жіберілімге сәйкес таратады.

Әдiлет органдарында тiркелуге жататын әкiмдіктің және әкiмнiң актілері алушыларға тiркелгеннен кейiн таратылады.

Әкiмдік қаулыларының, әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiнiң түпнұсқалары аппаратта сақталады.

Құжаттардың уақтылы шығарылуы және жөнелтiлетiн алушыларға таратылуы үшін жауапкершiлiк аппаратқа жүктеледi.

31. Техникалық қателерi болған ретте әкiмдік қаулыларының, әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiнiң бұрын таратылған даналары тек аппарат басшысының рұқсатымен ғана ауыстырылуы мүмкiн. Бұл жағдайда, бастапқыда таратылған құжаттар аппаратқа қайтарылып алынуы тиiс.

32. Аппарат әкiмдік және әкiм қабылдаған актілердің есебiн, жүйеленуiн және бақылау даналарын жүргiзудi, оларға ағымдағы өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзудi жүзеге асырады.

33. Әкімдіктің және (немесе) әкімнің жалпыға міндетті маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуге және белгіленген заңнамалық тәртіппен айқындаған газеттерде және өзге де мерзімді басылымдарда ресми жариялануға жатады.

34. Аппарат актілердi жариялауға жiберудi жүзеге асырады.

35. Мемлекеттiк құпиялардан немесе заңмен қорғалатын құпиядан тұратындарынан басқа, әкiмдік және әкiм қабылдаған нормативтiк құқықтық актілермен танысу үшiн мүдделi адамдарға рұқсат беру мiндеттi болып табылады және оны аппарат басшысы айқындайтын тәртiппен аппарат жүзеге асырады.

 

 

5. Заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмдіктің және әкiмнiң актілерi мен тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру тәртiбi

 

36. Заң актілерін, Қазақстан Республикасының Президентi, Yкiметi, Премьер-Министрi, әкiмдік және әкiм актілерін орындауды ұйымдастыру «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына, «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы  Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу және қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 27 сәуірдегі          № 976  Жарлығына,  Қазақстан   Республикасы  Үкiметiнiң    2001 жылғы         31 қаңтардағы № 168 өкiмiмен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулыққа, осы Регламентке және Қазақстан Республикасының өзге заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

37. Заң актілері, Республика Президентiнiң, Республика Yкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмдіктің, әкiмнiң актілері мен тапсырмалары және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өз құзыреттері шегіндегі өзге де тапсырмалары бақылауға алынады.

38. Заң актілерінің, Республика Президентiнiң, Республика Yкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмдіктің және әкiмнiң актілері мен тапсырмаларының уақытылы әрі сапалы орындалуына жауапкершiлiк осылар орындауға жiберiлген атқарушы органдардың бiрiншi басшыларына жүктеледi.

39. Әкiмнiң және оның орынбасарларының тапсырмаларында құжаттарды орындаудың мерзiмдерi белгiленедi.

Мерзiмдер белгiленбеген жағдайда, құжаттың түскен күнiнен есептелетiн орындаудың бiр айлық мерзiмi, ал "шұғыл" деген белгі болған жағдайда - он күндiк мерзiм белгiленедi.

Мынадай жағдайда, егер тапсырмаларда (оның ішінде, хаттамалық) және актілерде, сондай-ақ іс-шаралар жоспарларында орындалудың нақты мерзімі көрсетілмесе және мазмұнынан алынып тасталатын болса, онда оларды орындау ұзақ мерзімді (үнемі, жыл ішінде және басқа) талап етеді, не орындау мерзімі туралы мазмұнынан бір мағыналы қорытынды шығару қиын болады   , оларды орындаудың нақты мерзімдерін белгілеу тапсырманы дайындаушы құрылымдық бөлімше басшысының немесе тапсырманың орындалуына бақылау жасау бекітіліп берілген құрылымдық бөлімше басшысының ұсыныстары бойынша айқындалады.

40. Егер тапсырманың белгiленген мерзiмiнде орындалуы мүмкiн болмаса, онда тапсырманың орындалуына жауапты органның бiрiншi басшысы (не оның мiндетiн атқарушы адам) кiдiрудiң себептерi туралы хабарлауға және оны орындау мерзiмiн ұзарту туралы белгіленген тәртіппен өтiнiш беруі тиiс. Тапсырманы орындау мерзiмiн ұзартуға екi реттен артық жол берiлмейдi.

41. Заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмдіктің және әкiмнiң актілері мен тапсырмаларының орындалу мерзiмдерiн бақылау жөнiндегi қызметтi қамтамасыз етуді аппарат әкім айқындаған тәртіппен жүзеге асырады.

42. Аппарат заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы  Yкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмдіктің және әкiмнiң актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы әкiмдi жүйелi хабардар ете отырып, әкімнің олардың орындалуын бақылау жөнiндегі қызметiн қамтамасыз етедi.

Әкiмнiң орынбасарлары, аппарат басшысы заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмдіктің және әкiмнiң актілері мен тапсырмаларын орындаудың белгiленген тәртiбiнiң өрескел бұзылу фактiлерi бойынша кiнәлi лауазымды адамдарды тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзе алады.

 

 

6. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс, жеке қабылдауды ұйымдастыру

 

43. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты (бұдан әрі - өтініш) және жеке қабылдауды ұйымдастыруды «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына, басқа да нормативтік құқықтық актілер мен осы Регламентке сәйкес құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі қамтамасыз етеді.

44. Аппаратта өтініштермен жұмысты дұрыс ұйымдастыруға жауапкершілікті аппарат басшысы, аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы және өтініш мәселелері бойынша жауапты қызметкерлері алады.

45. Өтініш келіп түскен күні Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеледі және олардың кімге жіберілгендігіне байланысты әкімге, орынбасарларына, аппарат басшысына беріледі. Өтінішті қарау туралы нұсқаулық әдеттегідей қарар түрінде беріледі.

Ауданы әкімінің немесе оның орынбасарларының, аппарат басшысының атына келіп түскен өтініш, өтініште көрсетілген мәселелерді шешу құзырына жатпайтын жоғарыда аталған лауазымды тұлғалардың қарарларына сәйкес үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі басшысының ілеспе хатымен тиісті ұйымдарға ЭҚАБЖ арқылы, ол туралы белгіленген нысандағы пошталық карточкамен арыз иесіне хабарлай отырып немесе жоғарыда аталған лауазымды тұлғаларға ілеспе хатпен жіберіледі.

Өтініш аппаратқа құзыреті шегінде қарауға берілуі мүмкін.

46. Азаматтардың өтініштеріне жауапты әкім, оның орынбасарлары, аппарат басшысы, оның орынбасарлары, мемлекеттік органдардың және басқа осы лауазымды тұлғаларға уәкілетті басшылар береді.

Азаматтардың өтініші оларда көрсетілген мәселелер қаралғанда, олар бойынша қажетті шаралар қолданылғанда және арыз иесіне заңнамада белгіленген тәртіппен жауап берілгенде шешілді деп есептеледі.

Өтініштерге берілетін жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негізделген және дәлелді, мемлекеттік тілде немесе өтініш берілген тілде болуға, арыз берушінің қабылданған шешімге шағым жасау құқықтарын түсіндіре отырып, оның дәлелін жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректерді қамтуы тиіс.

47. Азаматтарды қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің                  2002 жылғы 4 қыркүйек № 974 «Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Әкімнің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының жеке қабылдауы күні мен сағаты белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Қабылдау кестесі әкімдік ғимаратының холындағы ақпараттық стендте ілінеді және аудандық газеттерде жарияланады, аудан әкімдігінің сайтында орналастырылады.

Басшылықтың жеке қабылдауына жазылуды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жөніндегі жауапты қызметкерлер жүргізеді.

Жеке қабылдауға келушілердің есепке алу карточкасы (3-қосымша) толтырылады, ол басшылықтың жеке қабылдауы аяқталғаннан кейін ЭҚАБЖ-не тіркеледі және лауазымды тұлғалардың тапсырмасына сәйкес орындаушыларға жіберіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарасу ауданы 

                                                                        әкімдігінің регламентіне

                                                  1-қосымша

 

 

Қарасу ауданы әкімдігі қаулысының жобасына

түсіндірме жазба

 

р/с

Түсіндірме жазбадан көрініс табуы тиіс мәліметтердің тізбесі

Ескерту

1

Ауданы әкімдігінің қаулысы жобасының атауы 

 

2

Әзірлеуші - мемлекеттік орган

 

3

Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі

 

4

Жоба қандай заңнамалық актілерді, ҚР Президентінің, Үкіметінің актілерін, өзге де актілерді немесе тапсырмаларды іске асыру мақсатында енгізіледі

 

5

Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері

 

6

Акт қабылданған жағдайда болжамдалатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдары

 

7

Жобаны іске асыруға байланысты болжамдалатын қаржылық шығындар

 

8

Жобада көрсетілген мәселелер құзыретіне жататын мемлекеттік орган басшысы бұрыштамасының болмау себептері

 

9

Жобада қаралған мәселелер бойынша бұдан бұрын қандай актілер қабылданды және олардың қалай орындалғаны туралы мәліметтер

 

10

Басқа актілерді жобаға сәйкес келтірудің қажеттілігі

 

11

Өзге де мәліметтер

 

 

ММ  басшысы                                                                          қолы

                                                        М.О.

           Орынд.  А.Ж.Т.

           тел.

Қарасу ауданы

әкімдігінің регламентіне

                                                                                             2-қосымша

ПОШТА  КАРТОЧКАСЫ

ПОЧТОВАЯ  КАРТОЧКА

Ауданы әкімінің аппараты


Аппарат акима района

 

Қарасу ауданы, А. Исақов көшесі, 73


с. Карасу, улица А. Исакова 73

 

 

 

 

 

 

 

Қайда____________________

Куда


 

Кімге____________________

Кому


 

 

         (карточканың келесі беті)

 

 

Қарасу ауданы  әкімінің аппараты Сіздің өтінішіңізді


Аппарат акима Карасуского района направил Ваше обращение

     ____________________________________________________________________________________     _______________________________________________________________________________________      ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ жіберіп, мәселенің шешімі жайында Сізге тікелей хабарлауды сұрап отыр.   _______________________________________________________________________________________

с просьбой о принятом решении уведомить Вас непосредственно.

 

Қарасу ауданы әкімі аппаратының
құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі

_______________________________________________________________________________________

Отдел документационного обеспечения

аппарата акима Карасуского района

Тел.:

Қарасу ауданы

әкімдігінің регламентіне

3-қосымша

 




«Қарасу ауданы әкімінің аппараты» ММ-де

КЕЛУШІЛЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛУ К А Р Т О Ч К АСЫ

 

№ ______                                                                                                                                                                                               

 

Арыз иесінің тегі, аты, әкесінің аты

                                                   201    ж.   « ___» __________

 

Арыз иесінің жұмыс орны және атқаратын қызметі

 

 

 

Мекен-жайы

 

 

Арыздың қысқаша мазмұны

 

 

Қабылдау жүргізушінің тегі

 

 

 

Кімге және не тапсырылды,

күні, қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

хат жіберу