Блог статистикасы
195
Жазбалар
4922
Өтініштер
194093
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Спорт



МЕРЕКЕГЕ АРНАЛДЫ



Мемлекеттік қызметшілердің тегін тізімі үшін оқу
КГУ "Қарасу балалар" спорт кешені


Өткізу орны

Сабақ күндері

Сабақ уақыты

1

Жаттығу залы және ойын залы

Сейсенбі

с. 1930 до 2200

2

Жаттығу залы және ойын залы

Бейсенбі

с. 1930 до 2200


Бөлімі "ММ басшысы

физичекой мәдениет және спорт

Қарасу ауданының әкімдігінің "                                                  Саутпаев М. К.

 






Жуырда Қарасу орта мектебінде Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай тоғызқұмалақтан аудандық турнир болып өтті. Оған мектеп оқушылары мен ересектер қатысты.

  

Жарыстың басты мақсаты – тоғызқұмалақ спортын кеңінен насихаттау және қатысушылардың шеберліктерін шыңдау.

Турнирдің барысында аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тоғызқұмалақтан бапкері Мәулен Раймбеков құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Тоғызқұмалақ тақтасындағы тартыс қызықты өтті. Қатысушылар 3 топқа бөлініп, өзара бақ сынады.

         Жарыс қорытындысына келер болсақ, қыздар арасынан 1-орынды Сәуле Әмірхан (Қарасу ауылы), 2-орынды Анастасия Зырянова (Қарасу орта мектебі), 3-орынды Айдана Серікбаева (Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебі) жеңіп алды. Ерлерден Аманжол Рахимбеков (Қостанай қаласы) бірінші орыннан көрінсе, екінші орын Ренат Қанапинге (Қарасу орта мектебі), үшінші орын Андрей Бабенкоға (Қарасу орта мектебі) бұйырды. Оқушылар арасынан бірінші орынды Әсел Журтуева (Қарасу орта мектебі) еншілесе, екінші орынды Назира Сапабек (Қарасу орта мектебі) иемденді.

Турнир соңында жеңімпаздарға мақтау грамоталары мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Ал жүлдегерлер арнайы грамоталармен марапатталды.

- Тоғызқұмалақ – шахмат, дойбы ойындары сияқты адамнан шыдамдылықты, төзімді, терең ойды қажет ететін ойын. Мұның басқа есеп ойындарынан бір ерекшелігі, бұл ойында тең ойнау өте сирек кездеседі. Бір қызы­ғы, то­ғызқұмалақ ережелерін саралап, тал­даған сайын, ертедегі бабаларымыз­дың та­нымына таңғаласың. Өскелең ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар, ақыл-ойының дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тапса керек, - дейді Мәулен Раймбеков.

  

Жаңабай АХМЕТОВ


хат жіберу